Дизель мәселесі: Мұнай өнімдері зауыттан тұрақты жөнелтіліп жатқан жоқ

802

Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов дизель отынын босату қазір талондар бойынша жүргізіліп жатқанын растады, деп жазады inbusiness.kz.

Дизель мәселесі: Мұнай өнімдері зауыттан тұрақты жөнелтіліп жатқан жоқ

Бұған дейін министрлік қор жеткілікті, жанар-жағармай құю бекеттеріне тапшылық пен шектеулер жоқ дегенді айтып келген.

"МӨЗ (мұнай өңдеу зауыты – авт.) отынды жеткілікті мөлшерде өндіріп жатыр, бұған дейін атап өткенімдей, қор шамамен 50 мың тонна. Алайда мұнай өнімдерін МӨЗ-ден жөнелту тұрақты емес, бос вагон-цистерналар жеткілікті мөлшерде жеткізілмейді. Сондықтан логистикалық тізбектің – МӨЗ, ҚазМұнайГаз, ҚТЖ және мемлекеттік органдар үйлесімді жұмыс істеуі қажет", – деді Ақшолақов Үкімет отырысында.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу