Дизель отыны экспортына шектеу қойылмақ

858

Дизель отыны экспортына шектеу қойылмақ

Дизель отынының экспортына шектеу қойылмақ. Энергетика министрлігі тиісті заңнамаға осындай талаптарды енгізуді көздеп отыр.

Энертика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, көрші елдерде баға бізге қарағанда әлдеқайда қымбат болғандықтан, көбірек пайда табу үшін кей кәсіпкерлер отынды сыртқа тасуға тырысады. Сондықтан бұған шектеу енгізілмесе, елде сұйық отынның көрсеткіші көрші мемлекеттердегі бағамен теңестіріледі. Ізінше қымбатшылық бұқараны қыспаққа алуы мүмкін. Жанармай құнының шарықтауынан тарифтер өсіп, азық-түлік бағасы қымбаттайды. Соған ұрынбас үшін ведомство шетелге тасымалды шектеп, ішкі нарықтағы бағаны тұрақты сақтап қалмақ.

Досмұхамбетов бұл талаптың жуырда енгізілетінін айтқанымен, нақты қандай шаралардың қабылданатындығы туралы нақты ақпарат бермеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу