Бірінші маусымнан бастап дизель отыны қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Қазіргі таңда Қазақстандағы ірі жанармай бекеттері желілерінде дизель отынының литрі 135-136 теңге болып тұр. Ал диқаншылар үшін литріне 122-128 теңге деңгейінде баға белгіленген болатын. Енді дизель отынын сатуға акциз
мөлшерлемесі тоннасына 9300 теңге болады. Акциздің ұлғаюы есебінен ғана көтерме бағаның өсуі шамамен литріне 7,3 теңгені құрайды.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу