Дизель отыны тоннасы кей жерлерде 500 мың теңгеге жетті – Ерлан Сайыров

598

Атырау, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өңдеу бағытын "баға келісу" фактісіне тексеру жүргізу қажет.

Дизель отыны тоннасы кей жерлерде 500 мың теңгеге жетті – Ерлан Сайыров

Мұнай өңдеу бағасы өскен жоқ. Бірақ дизель отыны тоннасы кей жерлерде 500 мың теңгеге жетті. Қымбатшылықтан қиналып отырған  шаруа қожалықтары мен фермерлерге бұл "жығылған үстіне жұдырық" болды, деп санайды Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.

"Жанар-жағар майдың дефициті мен бағасының күрт өсуі ұйымдасқан картельді келісімдер, реваншисттік күштердің Мемлекет басшысының саясатына қасақана саботажына байланысты деген де пікір бар. Мұнай өңдеу зауыттары мұнайды өңдеудің бағасын өсірмеген, соған қарамастан дизельдің бағасы шарықтап кетті! Сондықтан мұнай өңдеудің барлық циклін жіті тексеру қажет!", – дейді депутат.

Ол Атырау, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өңдеу бағытын "баға келісу" фактісіне тексеру жүргізіп, жанар-жағар майды сатушы компаниялардың дизель отынын әдейі жетіспеушілігін ұйымдастыру фактілеріне тексеру жүргізуді талап етеді.

"Мұнайды өңдеуге берушілер мен мұнайды сатушылардың шеттен шыққан алып сатарлық фактілері болса, олар заң алдында қатаң жауап берулері қажет! Жанар-жағар май аясындағы баға саясаты ақылға сыйымды, әділетті, халыққа түсінікті болуы қажет!", – дейді Сайыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу