Дизель отынын бөлшек саудада өткізушілерге 19 ескерту жасалды

872

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өңірлердегі бензин сатушыларға және Petro retail, Sinooil, Helios cынды 3 ірі желіге бензин бағасына қатысты 14 хабарлама жолдады. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Дизель отынын бөлшек саудада өткізушілерге 19 ескерту жасалды

"Бүгінгі таңда АИ-92 маркалы бензинді сату нарығында тұрақтылық байқалып отыр. Ірі желілердің сату бағасы литріне 175 теңгеден аспайды. Агенттік өңірлік бензин сатушыларға және Petro retail, Sinooil, Helios cынды 3 ірі желіге бензин бағасына қатысты 14 хабарлама жолдады. Барлық нұсқаулар орындалды. Жалпы республикада бензин бағасының төмендеуі орта есеппен 3%-ды құрады", – деді агенттік төрағасы үкімет отырысында.

Серік Жұманғариннің сөзінше, дизель отының бір литрі ірі желілерде 200 теңгеден сатылып жатыр. 

"Агенттік өңірлік дизель отынын бөлшек саудада өткізушілерге 19 ескерту және 4 ірі желіге нұсқау жасады. Нұсқау "Газпромнефть-Қазақстан", Petro retail, Sinooil, Helios компанияларына жіберілді. Олар нұсқауды орындады", – деді агенттік төрағасы.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу