Дизель отынының бағасы қарашада арзандауы мүмкін

825

Қыркүйек айында еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттарда 386,5 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарланып отыр. 

Дизель отынының бағасы қарашада арзандауы мүмкін

ҚР энергетика министрлігі еліміздегі жанар-жағармай құю стансаларында дизель отынына бағаның өсуі себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қыркүйек айында еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттарда 386,5 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарланып отыр.

Белгілі болғандай, күзгі егістік жұмыстары үшін (шілде-қазан айларында) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қажеттігіне басымдықты тәртіпте 394,4 мың тонна отын бағытталады. Қыркүйек айында фермелерге қажетті жалпы көлем 126,6 мың тоннаны немесе елімізде өндірілген жалпы деңгейдің 32,75 пайызын құрайда. Ауыл шаруашылығына керекті отынның бағасы мұнай өңдеу зауыттарынан тоннасына 181 мың теңгені (литріне 150 теңге) құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу