Бұл жағдай жылдан жылға, әр уақытта егін жинау кезінде қалыптасады. Үкімет оған біздің нарықтан отынды транзиттік көлікпен әкететіндер және көрші елдердің шекаралас аймақтарының тұрғындары кінәлі дейді. Бірақ Президент Тоқаев тек осы ғана себеп болып отырғанына сенбейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Мәселе біршама тереңірек – отандық мұнай өнімдерін жақын орналасқан мемлекеттерге экспорттаудың бірнеше жылдар бойы ұйымдастырылған, реттелген схемалары бар. Қаржылық мониториг агенттігі бұл мәселені шешуі керек. Маған нақты кім айналысатыны туралы ақпарат беріңіз. Содан кейін біз түпкілікті шешім қабылдаймыз. Сондай-ақ үкіметке, бәсекелестікті қорғау агенттігіне транзиттік көлік үшін және шекара периметрі бойынша мұнай өнімдерінің сараланған бағаларын тұжырымдауды тапсырамын. Бұл көрші елдермен баға диспаритетін төмендетеді және біздің азаматтарымыз үшін бағаларға әсер етпейді", – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.