Дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді

804

Ауа райының нашарлауына байланысты Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев үндеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді Фото: canva.com

-35 градус аязға байланысты республикалық маңызы бар жолдардың 80 учаскесінде дизель отынымен жүретін көлік құралдарының қатып қалуын болдырмау үшін тиісті шектеулер енгізілді.

"Қалған 20 учаскеде шектеу шараларын енгізудің басты себебі – көршілес өңірлердегі ауа райы, боран және қар көшкіні қаупі болды. Қолайсыз ауа райына байланысты қазақстандықтарды арнайы қызметтерден келетін хабарламаларға назар аударып, мұқият болуға шақырамыз", – деді вице-министр.

Кешкі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша республикалық жолдардағы 28 учаскеде шектеушаралары сақталған. Жолдардағы жұмысқа 700-ге жуық техника мен 1500-ден астам жолшы тартылған.

Сәтжан Аблалиевтің айтуынша, жолшы мамандары ауа райының қолайсыздығына қарамастан күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

"Синоптиктердің болжамы бойынша жақын күндері температураның -35, -40°C-ке дейін төмендеуі күтілуде. Республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулер сақталатын болады", – деді ол.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу