DJ Imanbek "Грэмми" сыйлығына ие болды (видео)

1147

Алғаш рет қазақстандық музыкант "Грэмми" жеңіп алды. 

DJ Imanbek "Грэмми" сыйлығына ие болды (видео)

Қазақстандық DJ Imanbek (Иманбек Зейкенов) "Roses" әнін өңдегені үшін "Үздік ремикс" (Best Remixed Recording) санатында "Грэмми" сыйлығына ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы премияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Негізгі номинацияға жатпайтын лауреаттарды марапаттау жексенбі күні 63-Грэмми байқауының алдында өтті.

Америкалық рэпер Saint Jhn "Roses" әнін 2016 жылы жарыққа шығарған. Алайда ол танымал болмаған.

Кейін қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов бұл әнге ремикс жазған. Кейін ол YouTube-та миллион қаралым жинап, Shazam қосымшасында, әрі Billboard америкалық чартында топ жарған.

Осыдан соң ресейлік "Еffective Records" дыбыс жазу компаниясы Иманбек Зейкеновпен келісімшартқа отырған.

Айта кетейік,  DJ Imanbek "Грэмми" сыйлығын алған алғашқы қазақстандық музыкант.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу