Дмитрий Алексанин шпагадан әлем кубогі кезеңін сәтті бастады

693

Дмитрий Алексанин мен Вадим Шарлаимов алғашқы айналымнан сүрінбей өтіп, үздік 64 спортшының қатарына енді.

Дмитрий Алексанин шпагадан әлем кубогі кезеңін сәтті бастады

Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогі кезеңі басталды. Шпагашылар бәсекесінде қазақстандық спортшылар да сынға түсті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дмитрий Алексанин мен Вадим Шарлаимов алғашқы айналымнан сүрінбей өтіп, үздік 64 спортшының қатарына енді. Олар жарысты әрі қарай жалғастырады. 

Ал Эльмир Алимжанов 98-ші, Руслан Курбанов 122-ші, Дмитрий Адайкин 267-ші орында қалды. Әлем кубогі кезеңіне жалпы есебі 327 шпагашы қатысуда. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу