Дмитрий Алексанин шпагадан әлемдік рейтингте жоғарылады

887

   

Дмитрий Алексанин шпагадан әлемдік рейтингте жоғарылады

Семсерлеуден Азия ойындарының чемпионы Дмитрий Алексанин әлемдік рейтингте жетінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алексанин Бернде өткен әлем кубогі кезеңінде жартылай финалға дейін жетіп, нәтижесінде қола медаль жеңіп алған болатын. 

Біздің спортшы әлем кубогі кезеңдерінде алғаш рет жүлдеге ілігіп отыр. Ол биылғы әлем чемпионатында үздік алтылық қатарына енген. 

Еске сала кетейік, шпагадан әлем кубогі кезеңіне Қазақстан толық құраммен қатысуда. Команда қатарында Эльмир Алимжанов, Руслан Құрбанов секілді тәжірибелі спортшылар бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу