Дмитрий Баландин әлем чемпионатында жетінші орын иеленді

783

Ол 200 метр қашықтықты 2 минут 08.25 секундта жүзіп өтті. 

Дмитрий Баландин әлем чемпионатында жетінші орын иеленді

Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден финалдық бәсеке аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Ақтық сынға жолдама алған қазақстандық Дмитрий Баландин жетінші орыннан көрінді. Ол аталған қашықтықты 2 минут 08.25 секундта жүзіп өтті. 

200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлем чемпионы атағын ресейлік Антон Чупков еншіледі. Ол әлем рекордын орнатып, 2:06.12 уақыт көрсетішінде мәреге жетті. 

Күміс жүлдені австралиялық Мэтью Уилссон, қола медальді жапониялық Иппэй Ватанабе жеңіп алды. 

Айта кетелік, Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарына дайындықты енді бастады.  Рио Олимпиадасының чемпионы Қазақстан ҰОК арнайы жобасы аясында әйгілі америкалық маман Дэйв Салоның қоластында, АҚШ-та жаттығуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу