Турнирге қатысушылар арасында Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин де бар деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарысқа қатысушылар қатарында олимпиада чемпиондары, әлем чемпионлары мен рекордшылар және өткен жылғы FINA рейтингіндегі үздіктер бар. 2016 жылғы Рио Олимпиадасынан соң танымалдыққа ие болған Дмитрий Баландин де элита қатарына енді. Қазақстандық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түседі. Бұл қашықтықта 2015 жылғы әлем чемпионы Маркус Кох (Германия), Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланд) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Джон Перно бақ сынайды. 200 метрге брасс әдісімен жүзуден бәсеке 15 қаңтарға жоспарланған.
Турнирге жалпы есебі 26 мемлекеттен 70 спортшы қатысады. Айта кетелік, Champions Swim Series турнирінің бірінші маусымында Баландин 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын.