Дмитрий Баландин мен Юлия Галышева Олимпиада күніне орай флешмоб бастады

796

Спортшылар бастаманы қолдағандарға iPhone смартфонын сыйламақ.

Дмитрий Баландин мен Юлия Галышева Олимпиада күніне орай флешмоб бастады Фото: olympic.kz

Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мен фристайл-могулдан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева Олимпиада күніне орай флешмоб бастады деп хабарлайды Olympic.kz

Танымал спортшы Дмитрий Баландин өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасына 6 олимпиадалық спорт: бокс, карате, садақ ату, семсерлесу, жүзу мен баскетболды көрсететін қозғалыстарды жасаған бейнеролик жариялады. Спортшы осы бастаманы қолдағандар арасында Олимпиада күнінде, яғни 23 маусымда флешмобтың 4 қатысушысына жаңа iPhone смартфонын сыйлатынын жазады. Жеңімпаздар кездейсоқ сандарды таңдайтын бағдарлама арқылы анықтамақ.

Спорт сүйер қауым арнайы бейнеролик түсіріп, оны Instagram не болмаса TikTok желісіне жүктеп, Дмитрий Баландин мен Юлия Галышеваны, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің – @olуmpickz ресми парақшасын атап өтулері қажет. Сонымен қатар #teamKZ, #ДвигайсяСнами, #OlympicDay атты арнайы хэштэгтерін де жазу керек.

Спортшылар бейнежазбада бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады. 

Флешмоб авторларының айтуынша, қолданушылар кез келген олимпиадалық спорт түрін таңдай алады, ешқандай шектеу жоқ. Оның қимыл-қозғалысын қайталауына немесе өзі ойлап табуына мүмкіндік бар. Ең бастысы, көрерменге түсінікті болуға тиіс. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу