Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланды

779

Ұрлық Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысы маңында кеше болған.

 Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланды

Алматы полициясы жүзуден олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің автокөлігінің айнасын ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің Toyota Land Cruiser көлігінің айнасын кім ұрлағаны анықталды. Оны ұстауға бағытталған жедел шаралар қабылдануда. Жақын арада ұры ұсталады", – деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінен ұрлықтың Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысы маңында, жексенбі күні болғаны айтылды.

Аталған фактіге қатысты Алмалы ауданы бойынша полиция басқармасында сотқа дейінгін тергеу басталды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу