Дмитрий Гренц "Барыс" сапына қайта оралды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Шабуылшы елордалық хоккей клубымен екі жылдық келісімшартқа отырды.
24 жасар Өскемен хоккей мектебінің түлегі өткен маусымда "Торпедо" құрамында ойнаған. Жоғарғы хоккей лигасында 54 ойын өткізіп, 18 (8+10) ұпайды еншілеген. Құрлықтық хоккей лигасында "Барыс" сапында 91 ойын өткізіп, 9 (3+6) ұпай жинаған. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарына да қатысып отырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу