"Біз жұмадан бері Нұр-Сұлтандамыз. Бұған дейін ұзақ мерзімді мониторинг жүргізіліп, сайлау процестерін реттейтін барлық заңнама бағаланды және Орталық сайлау комиссиясы өте жақсы дайындалды деп айта аламын. Біз олардың белсенділігін, учаскелік және аумақтық комиссиялармен жұмысын көріп отырмыз. Барлығы өте білікті және процеске жақсы дайындалған", – деп бағалады Кобицкий.
Таңғы 7-ден бері халықтың белсенділігі де жеткілікті екенін атап өтті.
"Болып жатқан нәрселер елдің дамуына, халықтың әл-ауқатына оң әсер етеді деп үміттенеміз. Бақылаушылар объективті көрініс үшін кем дегенде 120 учаскеден өтуді жоспарлап отыр. Қазақстанға келген сайын біз кадрлардың сапалы дайындығын бақылап отырамыз. Ұлттық бақылаушылар да жақсы дайындалған. Біздің міндетіміз – референдумның қалай ұйымдастырылғанын, оның қалай өтіп жатқанын, заңнаманың, халықаралық талаптардың бұзылуы бар-жоғын қарау", – деді бақылаушы.
Оның айтуынша, кешке барлық бақылаушының пікірін білу үшін жиналыс өткізілелі. Ертең алдын ала қорытынды шығады.
ТМД ПАА-ны 8 ел бақылады. Қазақстанның түкпір-түкпірінде барлығы 57 бақылаушы бар.
"Көптеген елде Конституцияға түзетулер бойынша референдумдар өтеді, өйткені негізгі заң қабылданғалы біраз уақыт өткен, өмір бір орында тұрмайды, жас ұрпақтың мүлдем басқа тілектері мен талаптары бар, сондықтан мұны ескеру қажет", – дейді ол.
Айтуына қарағанда, Бақылаушылар үшін техникалық жағынан ешқандай айырмашылық жоқ. Тұтастай алғанда оларға әдістеме бір.