Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Дмитрий Михайлович Малахов 1974 жылы 27 тамызда Көкшетауда дүниеге келген.
Еңбек жолы:
Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде жұмыс істеген.
2004-2019 жылдары Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық және орталық аппараты басқармалары басшысының орынбасары болды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Операция басқармасының басшысы болды.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды.
2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары болды.
2024 жылы 13 ақпанда Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. 2024 жылы 16 қыркүйекте лауазымынан босатылды.
2024 жылы 19 қыркүйекте Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Білімі:
- ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебі (1991-1995);
- Т. Рысқұлов атындағы Экономика және қаржы университеті (2003-2005) "Заңгер-құқықтанушы, экономист" мамандығы.
Марапаттары:
- ІІ дәрежелі "Айбын" ордені;
- Мерейтойлық және ведомстволық наградалар;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет генерал-майоры (05.06.2022 ж.).