Дмитрий Медведев түсірген Астананың фотосуреті 70 мыңнан аса "лайк" жинады

784

Дмитрий Медведев түсірген Астананың фотосуреті 70 мыңнан аса "лайк" жинады

Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін аралады, деп хабарлайды elorda.info.

Барған жерінде көріністі ұялы телефонына түсіріп алу көрші ел Үкімет басшысының сүйікті ісі сияқты. Өзінің инстаграм парақшасына елордада түсірген екі фотосуретті салған ол қарапайым ғана "Түнгі Астана" деген анықтама беріпті.

Фотосуреттерден "Бәйтеректің", Қорғаныс министрлігі мен маңайындағы ғимараттар анық көрінеді. Бұл суреттерге көптеген пікір жазылып, 70 мыңнан аса "лайк" жинады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу