Ресейдегі "Новая газета" басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов Нобель медалін АҚШ-тағы аукционда 103,5 миллион долларға сатып жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Мұратовтың айтуынша, медаль сатылымынан түскен қаражат украиналық босқын балалар мен олардың отбасыларына көмек ретінде жіберіледі.
"Бізді Жер бетіндегі барлық адамдар қолдайды деп үміттенеміз. Әділетсіздікке қарсы күрес флешмобын бастағымыз келеді. Адамдар басқаларға көмектесу үшін өздерінің жеке жәдігерлерін сатқаны дұрыс шешім болар еді", – деді Дмитрий Муратов.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу