Дмитрий Попко АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы атанды

438

Қазақстандық теннисші жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелді.

Дмитрий Попко АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы атанды Фото: ktf.kz

Санрайз қаласында (Флорида штаты) өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 538-орында тұрған америкалық Алекс Рыбаковпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда Попко 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте америкалық теннисші 2:0 есебімен алға шықты. Алайда бұдан кейін Дмитрий Попко қатарынан алты геймді өз есебіне жазды – 6:2.

Тартысты матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу