Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирде жарыстың бірінші ракеткасын ұтты

218

Дмитрий Попко Сарасоте (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирде жарыстың бірінші ракеткасын ұтты Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда сенсация жасап, әлемнің – 102, осы жарыстың 1-ракеткасы Джеффри Джон Волфты қапы қалдырды.

Бірінші партияда Попко тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды – 7:6 (7:5). Ал екінші сетте бет қаратқан жоқ – 6:1.

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін америкалық тәжірибелі теннисші, рейтингіде 284-орындағы Теннис Сандгренмен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу