Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті

223

Қазақстандық, әлемнің 339-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тың Санрайз қаласында (Флорида штаты) өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті Фото: Olympic.kz

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен доминикандық Джуниор Таварезді 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтты.

Д.Попко екінші айналымда америкалық, рейтингіде 871-орындағы Хенрик Вирсхольмді 6:3, 4:6, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Тартысты бәсеке 3 сағат 11 минутқа созылды.

Дмитрий Попко жартылай финалға өту үшін рейтингіде 821-орындағы тағы бір америкалық Аксель Нифвемен таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу