Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко All Lower level tournaments додасында өзінің жеңісті жолын жалғастыруда, деп хабарлайды Olympic.kz.
28 маусым күні кортқа шығып, қарсыластарын үш рет жеңді. Алғашқы қарсыласы канадалық Лиама Драксланы 6:3, 3:6, 10:3 есебімен ұтты. Одан кейін ол америкалық Эван Кингті – 7:5, 7:6, чилиялық Александра Табилоны 3:6, 6:1, 10:7 есебімен жеңді.
Айта кетерлігі, осыған дейін ол америкалық Кэннон Кингслиді 7:6, 4:6, 10:4 ұпайымен басып озып, Аргентина теннисшісі Хорди Арконаденеге есе жіберген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу