5 мамыр күні Виро-Бич қаласында ITF Futures сериясы аясындағы турнир аяқталды. Аталған сында қазақстандық теннисші Дмитрий Попко жеңіске жетті, деп жазады Olympic.kz.
Бәсекенің ақтық сынында Дмитрий америкалық Секоу Бангурды 6:1, 7:6 (7:1) есебімен ұтқан.
Турнир барысында Попко колумбиялық Хуан Мануэль Бенитес Чавариаганы, Николас Мехьюді, бразилиялық Педро Сакамото мен америкалық Пол Остербанды жеңгенін естеріңізге саламыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу