Дмитрий Рейхард фристайлдан әлем чемпионатына қатыспайтын болды

621

Оның ескі жарақаты сыр берді.

Дмитрий Рейхард фристайлдан әлем чемпионатына қатыспайтын болды

Ертең АҚШ-тың Парк-Сити қаласында фристайл мен сноубордтан өтіп жатқан әлем чемпионатында могулшылар додасы басталады. Әлемдік бәсекеде Қазақстан атынан 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева бастаған спортшылар бақ сынайды. Өкінішке қарай, ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Дмитрий Рейхерд жарақатына байланысты жарысқа қатыспайтын болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Канаданың Монт-Тремблан қаласындағы әлем кубогі кезеңінде Диманың сәтті өнер көрсеткінін білесіздер. Міне, осыдан соң оның арқа тұсындағы ескі жарақаты сыр берді. Бұл ұзақ уақыт бойы тынымсыз дайындалғаннан болуы керек. Әзірге нақты ештеңе айта алмаймыз. АҚШ-та тексеруден өтеміз. Бүгінгі жаттығудан соң Дмитрий әлем чемпионатынан сырт қалуды ұйғарды. Иә, бұл оған қиын соққаны рас. Ол өз елімізде өтетін әлем кубогіне сақадай сай болуы үшін, әлем біріншілігімен қатар, Жапониядағы әлем кубогі кезеңінен де бас тартып отыр", – деп пікір білдірді команда бас бапкері Елена Кргулыхина. 

Рейхердтің жарақатына байланысты өзге де деректер тексеру барысында анықталмақ. 

Еске сала кетейік, Дмитрий Рейхерд Монт-Трембланда өткен әлем кубогінде қола жүлдегер атанды.  Әлем кубогі кезеңдерінің жалпы есебінде ол 6-шы орында келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу