Дмитрий Рейхерд әлем кубогінде үздік үштікке енді

781

Алтын жүлде Олимпиада чемпионы, канадалық Микаэль Кингсбериге бұйырса (86.73 ұпай), күміс медальді жапондық Икума Хоришима жеңіп алды.

Дмитрий Рейхерд әлем кубогінде үздік үштікке енді

Канаданың Монт-Тремблан қаласында фристайлдан әлем кубогі кезеңі аяқталып, қазақстандық Дмитрий Рейхерд үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 83.42 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Алтын жүлде Олимпиада чемпионы, канадалық Микаэль Кингсбериге бұйырса (86.73 ұпай), күміс медальді жапондық Икума Хоришима жеңіп алды (85.02 ұпай). Біздің тағы бір жерлесіміз Павел Колмаков 16-шы орында. 

Өкінішке қарай, Юлия Галышева сәтсіз өнер көрсетті. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері 16-шы орынды қанағат тұтқан. Аяулым Әміренова 31 сатыда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу