Қазақстандық фристайлшылар Жапонияның Тадзавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды prosports.kz.
Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд үшінші орынға ие болды. Отандасымыз канадалық Майкл Кингсберри мен жапониялық Икума Хорисимаға жол беріп қойды. Павел Колмаков болса жарысты 26-шы орында аяқтады.
Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева жетінші орын алып, суперфиналға шыға алмады. Жеңіс франциялық Перин Ляфонтқа бұйырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу