Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тадзавако қаласындағы әлем кубогының кезеңінде тағы бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды 24.kz.
Параллельді могулдың кіші финалында отандасымыз франциялық Бенжамин Чаведан басым түсті (29:6).
Ал жеңіс жапониялық Икума Хорисимиге бұйырды. Ол финалда канадалық Майкл Кингсберриден айласын асырды – 21:14.
Павел Колмаков болса бірінші айналымда жапониялық Шо Эндодан жеңіліп қалды (16:19).
Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева ширек финалда тағы жапониялық Хирако Томитакоға есе жіберді – 15:20.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы могул сайысында қола жүлдегер атанған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу