Днепр қаласында қаза тапқан адам саны артты

566

Украинада үш күн қатарынан қаралы күн деп жарияланды. 

Днепр қаласында қаза тапқан адам саны артты Фото: 24.kz

Украинаның Днепр қаласындағы көпқабатты тұрғын үйді зымыранмен атқылаудан қаза тапқандар саны артып, 29-ға жетті. Тағы 73 адам жарақат алып, 39 тұрғын құтқарылды. Бірақ әлі 43 адам жоғалып, табылмай жатыр. Бұл туралы облыс губернаторы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Оқиға орынында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 14 қаңтар Ресей әуе күштері Украина аумағын зымырандармен атқылап, бір бомба Днепрдегі 9 қабатты үйге түсті. Шабуылға дейін мұнда 1700-дей адам тұрып келген.

Ирина Федорченко, куәгер:

- Жарылыс ұзаққа созылғандай болып көрінді. Баламыз екеуіміз 5 минут бойы орнымыздан қозғала алмай қалдық. Бұл жер неге нысанаға алынғанын түсінбедім. Мұнда бір де бір әскери нысан жоқ. Тек тұрғын үйлер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу