Днепрдегі апат орнында іздеу жұмыстары аяқталды

494

Украинаның Днепрінде ресейлік зымыран құлаған тұрғын үй аумағында 69 сағатқа созылған іздеу жұмыстары аяқталды. 

Днепрдегі апат орнында іздеу жұмыстары аяқталды Фото: Euronews

Билік кем дегенде 45 адам қайтыс болды деп хабарлады. 79 адам жарақат алды, деп жазады Inbusiness.kz.

Қала әкімінің хабарлауынша, қалған 25 тұрғынның жағдайы белгісіз.

Украина ІІМ Төтенше жағдайлар қызметі қайғылы оқиға орнынан 9 мың тоннадан астам қоқыс шығарылғанын айтты.

Катерина зымыран құлағаннан кейін бір күннен соң үйінділерден шығарылды. Құтқарушылар оның күйеуі мен 11 айлық ұлын таба алмады.

"Кеше ғана іші толы адам болған баспанаңның күлі көкке ұшқанын көру адам айтқысыз ауыр жағдай. Балам мен немерем табылмай жатыр", - деді ол.

Еурокомиссия Украинаға жалпы көлемі 18 миллиард макроқаржылық көмек пакетінен 3 миллиард еуро көлеміндегі алғашқы траншты аударды. Сейсенбіде Брюссельде Ресейдің Украинаға қарсы соғысының экономикалық және қаржылық салдары талқыланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу