Ресейдегі Coca-Cola сусынының атауы ребрендинг аясында "Добрый Cola" болып өзгертілді, деп жазады inbusiness.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Fanta – "Добрый Orange", ал, Schweppes – "Rich тоник" деп аталатын болады. Бұдан бөлек Dushes, Cherry, Lemonade, Mango и Sib Travy жаңа дәмдері бар сусындар пайда болмақ.
Сусындардың алғашқы өнімдері биыл күзде шығарылады деп жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс сусындардың бағасына әсер етпеуі мүмкін деп жазылған.
Еске сала кетейік, Coca-Cola компаниясы (Coca-Cola Hellenic Bottling Company) маусым айында Ресейдегі өндірісті және Coca-Cola брендтерімен сусындар сатуды тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Ресей сусындарды басқа атаумен шығаруды жалғастыруға шешім қабылдаған.