Дохадағы "Гауһар лигасы" кезеңіне әлем чемпионаты мен Олимпиаданың 27 жүлдегері қатысады

627

Бүгін Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан "Гаухар лигасының" кезеңі өтеді.  

Дохадағы "Гауһар лигасы" кезеңіне әлем  чемпионаты мен Олимпиаданың 27 жүлдегері қатысады

Әлемдік додаға Олимпиада мен әлем чемпионаттарында жүлде алған 27 спортшы қатысады, деп хабарлайды olympic.kz.

Олардың арасында сырықпен секіруден екі дүркін әлем чемпионы Сэм Кендрикс, сырықпен секіруден 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Рено Лавиллени бар. 

Әйелдер арасындағы спринт додасында екі дүркін әлем чемпионы Элейн Томпсон-Гера, әлем біріншіліктерінің бірнеше мәрте жүлдегері Мари-Жозе Та лу бар. 

3000 метрге жүгіруден Хеллен Обири, кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы Беатрис Чепкоечтер сынға түседі. 

Доха карантиннен кейін әлемдік турнирді алғаш рет қабылдағалы отыр. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу