"Doing Business 2020": Қазақстан әлемнің 190 елінің ішінде 25-орынға ие болды

1394

fDi Intelligence Қазақстанға "2018-2019 жылдарға өндірістік қуаттылықтардың болашақ орналасуына шығындардың тиімділігі" көрсеткіші бойынша 1-орын берді.

"Doing Business 2020": Қазақстан әлемнің 190 елінің ішінде 25-орынға ие болды

"Doing Business 2020" Дүниежүзілік банкінің рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 25-орын алды. Қазақстан миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау және келісімшарттарды сақтау тәрізді көрсеткіштер бойынша әлемдік ондыққа кіреді, деп хабарланды үкімет басшысының ресми сайтында.

"Жуырда жасалған реформалар бизнесті тіркеуді біршама жеңілдетті. Мысалы, Қазақстанда бизнес ашу үшін небәрі 1 күн қажет, ал жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін 3 күн жеткілікті. Біздің еліміздің инвестициялық тартымдылығы біршама артып келеді. Мәселен, fDi Intelligence (Financial Times еншілес ұйымы) Қазақстанға "2018-2019 жылдарға өндірістік қуаттылықтардың болашақ орналасуына шығындардың тиімділігі" көрсеткіші бойынша бірінші орын берді",– делінген хабарламада. 

Хабарламада айтылғандай, 2017 жылы еліміз халықаралық инвестициялар мен көпұлтты кәсіпорындар бойынша Экономикалық ынтымақтастық дәне даму ұйымының Декларациясына қосылған 48-ші ел және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің ассоцияцияланған мүшесі болды. Сонымен қатар, инвестицияларды өзара қорғау мен мадақтау туралы 47 екіжақты және 1 көпжақты келісімге қол қойды, олар инвесторлардың құқықтарына кепілдік береді. 

"Сонымен қатар, елімізде ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторларының кеңес табысты жұмыс істеуде. Сонымен қатар Үкіметтің қолдауымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес пен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес жүргізеді, онда ел Үкіметінің басшысы Асқар Мамин омбудсмен болып табылады",– делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу