/img/tv1.svg
RU KZ
Докторанттардың диссертация тақырыбын бекіту мерзімі ұзартылады

Докторанттардың диссертация тақырыбын бекіту мерзімі ұзартылады

Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов Фейсбук желісінде жазды.  

06 Тамыз 2020 21:59 171

Докторанттардың диссертация тақырыбын бекіту мерзімі ұзартылады

ҚР Білім және ғылым министрлігі докторанттардың диссертация тақырыбын оқудың бірінші семестрінде бекітуі туралы ережені өзгертуді ұсынды. деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Жақында докторанттар өзге студенттер сияқты жаңа оқу жылын бастайды. Қазіргі нормативтік актілерге сәйкес, докторанттар диссертация тақырыбын оқудың бірінші семестрінде бекітуі керек. Іс жүзінде бұл үнемі дерлік ресми сипатта болады. Докторант пен оның жетекшісі диссертация тақырыбын бекіту мерзімін оның пысықталуына қарай өздері белгілеуі тиіс. Білім мен ғылымда ресми тәсіл болмауы керек! Бұл докторанттардың Жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) бекіту мерзімдеріне де қатысты. БҒМ мұндай құжаттардың мерзімдері мен мазмұнын реттемеуі тиіс. Біз ЖОО-лардағы есеп беруді азайту үшін одан әрі жұмыс істейміз», – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен бірге, министр орташа білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОБ ОЖСБ) жоюды ұсынды.

«Бақылаудың бұл түрі ешқашан тиімді болмаған. Академиялық дербестікті кеңейту жағдайында әрбір ЖОО өзінің білім беру бағдарламаларын дайындағанда ОЖСБ іс жүзінде қажет болмай қалады», – дейді А. Аймағамбетов.

 

Диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қойылатын талаптар қайта қаралды

ҚР БҒМ-нің тиісті Бұйрығы ҚР ӘМ-де тіркелді. 

18 Мамыр 2020 12:24 313

«Бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауға тиісті болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін докторанттар сапасы күмән тудыратын журналдарда жарияланымдар жасауға мәжбүр болды. Біздің ғалымдардың мақалалары халықаралық базалардан алынып тасталған, түкке тұрмайтын журналдарда жарияланған кездер де болатын.Осыған байланысты біз бұл тәжірибені өзгерту бойынша шешім қабылдадық» , – деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов Фейсбукте.

Енді қарапайым ереже жұмыс істейтін болады – сапасы төмен журналдарда 7 мақала жариялағанның орнына, жоғары квартильге кіретін басылымдарда мақалалар жарияланса жеткілікті.

Ал бірінші квартиль құрамына кіретін журналдарда бір ғылыми мақала шыққан болса, өзге жарияланымдар талап етілмейді.

Бұл шара сапасыз жарияланымдардың санын азайтып, жүктемені жеңілдетеді және ғалымдарды дәйексөздері таралу бойынша жоғары деңгейдегі оригиналды ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады.

Докторантқа оқуын аяқтағаннан кейін диссертациясын қорғауға қосымша 1 жыл берілмек

Биыл шетелдік ЖОО-да оқу елінің ресми тілі, яғни шет тілінде білім алғандар үшін қосымша өзгерістер енгізіледі. 

05 Мамыр 2020 00:56 309

Докторанттарға оқуын аяқтағаннан кейін диссертациясын қорғауға қосымша 1 жыл беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тағы бір маңызды міндет – мықты әрі бәсекеге қабілетті ғылыми кадрларды дайындау. Докторантураға түсу үшін халықаралық тілдік сертификатты иемдену талабы енгізілді. Биыл шетелдік ЖОО-да оқу елінің ресми тілі, яғни шет тілінде білім алғандар үшін қосымша өзгерістер енгізіледі. Егер олар шетелдік ЖОО бітіргеннен бері 2 жыл өтпесе, шет тілінен автоматты түрде ең жоғарғы балл алады. Талдау қорытындысы докторанттардың тек 54%-ы үш жыл ішінде диссертацияларын дайындап, қорғауға шығып үлгеретінін көрсетті. Негізі бұл қалыпты жағдай, көптеген Еуропа елінде орта есеппен докторанттардың 45-60%-ы оқу мерзімі ішінде диссертацияларын қорғап үлгереді. Осы аспектіде оқуды аяқтағаннан кейін тағы қосымша бір жыл беру жоспарланып отыр, сол уақытта докторанттарға оқуын жалғастыруға және санкциясыз қорғауға шығуға рұқсат етіледі. Алайда қосымша кезеңге ешқандай шәкіртақы төленбейді»,– деді министр.

Оның атап өтуінше, осы жылдан бастап Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына енгізілген өзгерістер аясында барлық ЖОО білім беру бағдарламаларының міндетті компоненттеріне академиялық хат пен ғылыми зерттеулер әдіснамасын енгізеді. Сондай-ақ академиялық ағылшын тілін тереңдетіп, халықаралық гранттарды тарта отырып оқыту, қазақстандық ғалымдардың ірі халықаралық зерттеулерге қатысуын қолдау көзделді.

«ЖОО мен академиялық ғылым интеграциясын күшейту шаралары қабылдануда. Ғалымдар үшін ЖОО немесе ғылыми-зерттеу институты базасында зерттеулерін жалғастырудың арнайы мүмкіндігі ретінде постдокторантура жүйесі енгізіліп жатыр. Бұдан басқа, отандық 10 жетекші ЖОО базасында академиялық басымдық орталықтары ашылады. Сонымен қатар ЖОО-лар Teaching university форматының шеңберінен шығып, біртіндеп зерттеу университеттері болуға тиіс», – деді А.Аймағамбетов.