Докторантураға қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтары базасында өтеді

882

Биыл ғылыми дәрежеге 1890 грант бөлінді. 

Докторантураға қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтары базасында өтеді

Докторантура бойынша 2021-2022 оқу жылында 1890 білім беру гранты бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Оның ішінде инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 446, педагогикалық ғылымдар – 370, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 292, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 205.

Естеріңізге сала кетейік, докторантураға қазір өтініш қабылдау жүргізіліп жатыр. Қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтары базасында электрондық форматта өтеді.

"Мұндай формат өткен жылы магистратураға түсу емтихандарын тапсыру кезінде енгізілген болатын. Бұл академиялық адалдықты және емтихан тапсыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.  Аталған формат Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде де өзін дәлелдей білді. Өйткені әрбір компьютер бейнекамерамен жабдықталған. Бұл әрбір талапкерді байқауға мүмкіндік береді, осылайша емтихан тапсыру рәсімінің және жалпы қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Ал 2021-2022 оқу жылындағы білім беру гранттарының толық тізімі ашық дереккөзде орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу