Доллар 1,36 теңгеге арзандады

528

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 25 сәуірге арналған доллар бағамы белгіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Доллар 1,36 теңгеге арзандады Фото: inbusiness.kz

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар 1,36 теңгеге төмендеп, 1 доллар 455, 04 теңге болды. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 456, 34 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 451,5 теңге, сатып алу – 454,5 теңге. 

Ал Астана қаласы бойынша АҚШ валютасы 448,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 452,8 теңге. 

Алматыда Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында, Астанада 5,48 - 5,58 теңге аралығында сатылуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу