Доллар 2,25 теңгеге қымбаттады

522

Бұл туралы inbusiness.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап хабарлайды.

Доллар 2,25 теңгеге қымбаттады Фото: inbusiness.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,25 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 456,21 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,56 теңге.

Ұлттық банктің 27 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 453,93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 454 теңге, сатып алу – 457 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 453,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 458 теңге.

Ресей рублі 5,45-5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу