Доллар бағамы тағы да 3 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы құлдырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Доллар бағамы тағы да 3 теңгеге арзандады Фото: inbusiness.kz

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,83 теңгеге төмендеп, 453,39 теңгені құрады.  

Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы долларға 456,21 теңгені құрайды.  

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 451 теңге, сату – 454 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу