Доллар тағы қымбаттады

205

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 25 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды.

Доллар тағы қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,79 теңгеге көтеріліп, 544,87 теңге болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 76,06 теңгені (+0,49) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 544,1-546,7 теңге, еуро 638,5-643,5 теңге, рубль 6,75-6,87 теңге аралығында сатылуда.

25 шілдедегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйектегі Brent фьючерстерінің құны 0,62%-ға өсіп, барреліне $69,61 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,65%-ға өсіп, барреліне 66,46 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 541,93 теңге, еуроны 636,71 теңге, рубльді 6,83 теңге деп белгіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу