Теңге бүгін одан әрі құнсыздана түсті. KASE қор биржасында доллар 491 теңгеге жақындады. Яғни, бүгіннің өзінде төл валютамыз 1 теңге 35 тиынға арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Соны көре тұра Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов "Ұлттық валютаның құнсыздануына ешқандай негіз жоқ!" дейді. Сөзінше, девальвация болуы үшін нақты негіз керек. Ал, қазір елдегі сауда балансы оңтайлы. Яғни, тұрақты. Биыл импорт төмендеп, экспорт көлемі артқан. Теңгедегі депозиттердің кірістілігі де шетел валютасынан әлдеқайда жоғары.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу