Доллар айналымнан шығуы мүмкін

829

Доллар айналымнан шығуы мүмкін

Ерте ме, кеш пе әлем экономикасында доллардың үстемдік етуі аяқталады. Бұл туралы Bank of America Merrill Lynch компаниясының Ресей бойынша бас маманы Владимир Осаковский айтты, деп жазады 7kun.kz.

"Егер тарихқа үңілсек, бұрын жаһандық валюта фунт стерлинг болған. Оны ығыстырып жіберді. Доллармен де бір күні мүмкін осындай жағдай болады", — деп атап өтті сарапшы.

Оның бағалауынша, бұл АҚШ-тың әлемдік экономикадағы үлесі "табиғи түрде" қысқарған кезде болады. "Бұл апатты жағдайға алып келеді ме? Факті емес. Бірақ күндердің-күнінде бұл болады", — деді Осаковский.

Сондай-ақ сарапшы Құрама Штаттардың қарызы абсолютті мәнде өте үлкен екендігін атап өтті — 16-18 триллион доллар. Бұл ретте қарызы одан жоғары елдер де бар. Мысалы Жапония. Оның қарызы АҚШ-пен салыстырғанда, екі есеге көп", — деп экономист Америкада қарыз дағдарысы болуы ықтималдығына қатысты пікір білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу