Доллар әлемнің басқа валюталарына қатысты нығаюда

Еуро шамамен 0,15% құнсызданды. 

Доллар әлемнің басқа валюталарына қатысты нығаюда Фото: inbusiness.kz

АҚШ доллары әлемдік валюталардың көпшілігіне қатысты нығаюда. Сарапшылардың пікірінше оған Америкада экономиканың мықтылығын көрсететін оң статистикалық деректердің жариялануы және Федералдық резервтік жүйенің ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдату ықтималдылығы әсер етті. 

Доллардың алты негізгі әлемдік валютаға қатысты динамикасын көрсететін ICE индексі сауда кезінде 0,26%-ға қымбаттады. Бір күн бұрын көрсеткіш өткен жылдың қарашасынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді.

Еуро/доллар жұбы алдыңғы сессияның жабылуындағы 1,0478 доллармен салыстырғанда 1,0463 доллар деңгейінде саудаланып жатыр, еуро шамамен 0,15% құнсызданды.

Фунт/доллар бағамы шамамен 0,2%-ға төмендеді, дүйсенбіде фунт 1,2062 доллармен салыстырғанда 1,2086 долларды құрады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу