Бүгінгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,90 теңгеге көтеріліп, 476,89 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 қыркүйектегі ресми бағамы бір долларға 473,98 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 476 теңгені, сатылымы 478 теңгені құрап отыр.
Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 473 теңгеден сатып алынып, 479 теңгеден сатылуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу