Доллар бағамы 313,45 теңгеге дейін төмендеді

769

Доллар бағамы 313,45 теңгеге дейін төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында 23-24 ақпан Ресей Федерациясында мереке күні (Отанды қорғау күні) болғандықтан, RUBKZT_TOМ құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 313,45 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 218 500 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 еуро бойынша (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 331,20 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 50 мың еуроны құрады;

- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0, Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,4600 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 10 000 мың рубль болды.

- есептесуі теңгемен Т+1 Ресей рублі  бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+1 теңгемен қытай юанінің (CNYKZT_TOM) орташа сараланған бағамы бір юаньға 46,6250 теңгені, сауда-саттық көлемі – бір юаньға – 400 мың юаньді құрады.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 314,09 теңгені (-3,17 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 407 750 мың (+275 650 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

 

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +12,0000% құрады, ұсыным -  жылдық +4,0000 %;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +5,1928 % құрады, сауда-саттық көлемі 983 000 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу