Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDKZT_0_001 және USDKZT_0_002 қаржы құралдарымен сауда-саттық АҚШ-та 20 ақпан мереке күні болғандықтан жүргізілген жоқ (Джордж Вашингтонның туған күні).
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 319,16 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 66 900 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі теңгемен T+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі еуромен Т+0, Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,4954 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 67 000 мың рубль болды.
- есептесуі теңгемен Т+1 Ресей рублі бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+1 теңгемен қытай юанінің (CNYKZT_TOM) орташа сараланған бағамы бір юаньға 46,5800 теңгені, сауда-саттықк көлемі – 500 мың юаньді құрады.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 319,19 теңгені (+0,58) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 83 300 мың (-36 700 мың USD).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте ұсыным сұраным болмаған жағдайда – +6,0000 % құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 22 банк қатысты.