Қазақстан қор биржасында (KASE) 13 наурыздағы таңғы сауда нәтижесінде 1 доллар — 405,05 теңгені құрады. 12 наурыздағы таңғы сессия қорытындысымен салыстырғанда (398,60 теңге) ұлттық валюта 6,45 теңгеге құнсызданды.
kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, Нұр-Сұлтан мен Алматы ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 409 теңгеге сатылуда.
Ал Ұлттық банктің бекіткен ресми нарықтық бағам 399,24 теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу