Доллар бағамы 436 теңгеден асты

658

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп жазды inbusiness.kz

Доллар бағамы 436 теңгеден асты

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,65 теңгеге көтеріліп, 436,18 теңгені құрады.  

Ұлттық банктің белгілеген доллардың ресми бағамы 435,76 теңге.  

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 434,86 теңге, сату – 439,16 теңге.  

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 433,85 теңгеден сатып алынып, 436,15 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу