Доллар бағамы 447 теңгеге дейін көтеріледі

1787

 2021-де көрсеткіш - 481, ал 3 жылдан соң - 517, 2023-те 547-ге дейін өседі. 

Доллар бағамы 447 теңгеге дейін көтеріледі

Жыл соңына дейін 1 доллар 406 теңге болады. Блумберг терминалы ұсынған болжам осындай. Бірінші тоқсанда 384-ке дейін өсіп, жыл соңында 398-ге саудаланады.

Төл валютамыздың болашағына қатысты сараптама жүргізген 5 компания биыл теңгенің долларға шаққандағы бағамы 390-475 аралығында болатынын айтады. Келесі жылы көк қағазды 447 теңгеге сатып аламыз. 2021-де көрсеткіш - 481, ал 3 жылдан соң - 517, 2023-те 547-ге дейін өседі. Осылайша, 25 жылда 78 есе құнсызданған теңгенің ширек ғасыр бұрын 1 долларға шаққандағы бағамы – 4 теңге 75 тиын болды деуге сену қиын.

Осы уақыт аралығында төл валютамыз 3 рет девальвацияға ұшырады. Қазір 437 теңгеге саудаланып жатқан еуро екінші тоқсанда 454, жыл соңында 21 теңгеге қымбаттап, 475-ке жетеді. Осыдан 10 жыл бұрын оның бағамы 149 теңге болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу