Доллар бағамы 449 теңгеге дейін төмендеді

877

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Доллар бағамы 449 теңгеге дейін төмендеді

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,60 теңгеге төмендеп, 449,85 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 16-18 сәуірдегі доллардың ресми бағамы 454,27 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 452,81 теңге, сату – 456,14 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 450,43 теңгеден сатып алынып, 453,73 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу